«Бақылау, өлшеу аспаптары және автоматика» тобы
«Бақылау, өлшеу аспаптары және автоматика» тобы – ««OPTIMUM» Жобалау институты» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады
Қазіргі замандағы технологиялық үрдістерді автоматика және басқару жүйелерінсіз көз алдына елестету мүмкін емес.
«Бақылау өлшеу аспаптары және автоматика» тобы жобалық құжаттамаларын әзірлеу барысында ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерін негізге ала отырып, басты мақсатта мына бөлімдерді дайындайды:
- Технологиялық үрдістерді автоматтандыру және бақылау;
- Нысандардың өрт және күзет сигнал беруін жүйелеу;
- Жіктелген кабелдік желілер;
- Газ анықтау жүйелері.