Бас жоспар тобы

«Бас жоспарлау» - жобалаудың маңызды құрама бөлiгi

Бас жоспар тобының негізгі жұмысы мұнай және газ кен орындарын игеру кезінде нысандарды жоспарлау, орналастыру және сәулеттендiру. Сонымен қатар, өнеркәсіп нысандарына қатынас үшін автокөлік жолдарын салу, қалпына келтіру және күрделі жөндеу кезіндегі жұмыс жобаларын дайындау міндетін атқарады

Жобаның «Бас жоспар» бөлiгiнде келесi мәселелер шешiледі:

  • Кәсіпорын аумағында ғимараттарды үйлесімді орналастыру, аймақтарға бөлу, адам және жүк тасу
    қозғалысын ұйымдастыру, жер асты және жер бетiндегі коммуникацияларды тарту.
  • Жобалық көлденең құру, жер бетінің еңістігін, көршілес нысандардың ара қашықтығын жоспарлау
    арқылы жер бедерін тігінен жайғастыру жобасын жасау және де жер көлемін есептеу.
  • Кәсіпорынның сәулеттендіру жоспарлау құрылымы (құрылыс ошағының сипаты, параметрлердi
    бірыңғайлау, бас жоспар элементтерiнiң типтелуi; жеке ғимарат және нысандардың түрі мен кескiннің үйлесімі және
    желдің соғу бағытына қарай бейімдеу, шудан қорғау, қызмет көрсету жүйесін үйлестіру; санитарлықгигиеналық
    және дәрiгерлiк қызмет көрсету, демалыс уақытын ұйымдастыру, кәсiпорын аумағына кіру-шығу жолдарын
    белгілеу, кәсіпорын аумағын кеңейту мүмкіндігін қарастыру, аумақты сәулеттендiру, құрылысты жүйелі түрде
    салу және жақын маңайдағы кәсiпорындар мен елдi мекеннiң архитектурасымен байланыстырып бiртұтас
    сәулеттiк ансамбль жасау).
  • Бас жоспар бөлімінің жұмысы жобаны дайындау барысында бір бірімен байланысты мамандандырылған
    топтар мен топографиялық түсірулерден бастап жұмыстық жоба құжаттамасын дайындап шығарғанға дейін
    тығыз байланысты .
Бас жоспар тобы