«OPTIMUM» ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық саласындағы саясаты

«OPTIMUM» ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық саласындағы саясаты

«OPTIMUM» Жобалау институты» ЖШС — бұл әлемдік инженерлік‐жобалық дәстүрлерге сүйене отырып, үздік зияткерлік ресурстарды жинақтайтын жаңа үлгідегі жобалау компаниясы болып табылады. 20 жыл ішінде бізде, өз саласының жетекші мамандар басқаратын, жоғары сапалы жобалау мектебі қалыптасты. Біз алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер мен технологияларға сәйкес мұнай-газ компанияларының талаптары мен үміттерін қанағаттандыратын, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметтерінің толық циклін ұсынамыз.

 

Сапа саласындағы саясатқа:

  • қолданыстағы және болжанған қажеттіліктерді, талаптарды анықтау, қанағаттану деңгейін бақылау, клиенттің тілектерін ескере отырып, орындалатын жобалардың сапасын жақсарту арқылы Тапсырыс берушіге бағдарлау;
  • басшылық пен бөлімшелер үшін мақсаттарды белгілеу, оларға қол жеткізу және компанияның жалпы құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау арқылы Компания көшбасшылығына басшылық ету;
  • оңтайлы еңбек жағдайларын жасау, қажетті құралдарды ұсыну, қызметкерлердің біліктілігін үнемі көтеру және оларды ынталандыру жолымен қызметкерлерді компания қызметінің процестеріне тарту; үнемі кеңес беріп, қызметкерлердің компанияның бизнес-процестеріне қатысуын қамтамасыз ету;
  • стандарттар талаптарына сәйкес жетілдіру мақсатында бизнесті қамтамасыз етудің, басқарудың, бағалаудың, нәтижеліліктің жүйелі тәсілі;
  • инновацияларды енгізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту, бизнес үдерістерді оңтайландыру арқылы компания қызметін тұрақты жақсарту арқылы қол жеткізіледі.

 

Еңбек қауіпсіздігі, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі мақсаттар:

  • ҚР СТ ISO 45001-2019 (ISO 45001:2018) стандарттарының талаптарын ескере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұйымның заңнамалық және басқа да қабылдаған талаптарын ескере отырып, өндірістік қызметті жоспарлау және іске асыру;
  • қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау;
  • қызметкерлердің кәсіби деңгейін үздіксіз арттыру, еңбекті қорғау, өндірістің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігі саласындағы талаптарды сақтау үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
  • өндірістік қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін, жазатайым оқиғаларды, авариялар мен оқыс оқиғаларды болдырмау.
  • мердігерлерден еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттарды, нормалар мен ережелерді сақтауды талап ету;

 

Саясатты іске асыру үшін Серіктестіктің Жоғары басшылығы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, сапалы қызмет көрсету, персоналдың денсаулығын қорғау, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтау үшін жауапкершілікті өзіне алады.

Саясат ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015); ҚР СТ ISO 14001-2016 (ISO 14001:2015); ҚР СТ ISO 45001-2019 (ISO 45001:2018) талаптарына сәйкес әзірленді;

Сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық саласындағы саясат Серіктестікте жұмыс жасайтын барлық қызметкерлердің назарына жеткізілді, өзекті жағдайда қолдау көрсетіледі және танысу үшін тапсырыс берушілерге, акционерлерге және жұртшылыққа ұсынылады.

Генеральный директор                                                                                                                                                                                       Б.К. Құрманов