Петрофизика қызметі

Петрофизика қызметі «Geo Offi ce Solver», « Log Tools» және «Interachtive Petrophysics» арнайы бағдарламаларымен жабдықталған.

Қызмет мамандары ашық және шегенделген ұңғымаларда жүргізілген геофизикалық зерттеулер нәтижелерін интерпретациялауда көп жылдық еңбек тәжірибесі бар. Барлау бұрғылау, қор есептеу, сынамалы пайдалану және өндірудің технологиялық сұлбасын жобалауда қызметке сәйкес бөлімдердің жауапты орындаушысы болып табылады.

Қор есептеу есепнамасындағы келесі тараулардың авторлары болып табылады:

  • Коллекторлар мен жабындардың литологиялық-физикалық сипаттамасы;
  • Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ҰҒЗ);
  • ҰҒЗ -ны интерпретациялау әдісі мен қорытындысы.

Қызмет мамандары өндірілудегі кен орнында келесідей жұмыстар жүргізеді:

  • Сулану көздерін анықтау және оны жою шараларына ұсыныс беру;
  • Әрекетсіз қордағы ұңғымаларды сараптау және аталған қордағы ұңғымалар санын азайту мақсатында
    геологиялық-техникалық іс-шараларға ұсыныс беру;
  • Өндіру және сұйықтық айдау қорындағы ұңғымаларын сараптау, ұңғымалар жұмысын жеңілдету бағытында
    геологиялық-техникалық іс-шараларға ұсыныс беру;
  • Тіректік ұңғымалар торының энергетикалық жағдайын бақылау;
  • Ағымдағы су-мұнай және газ-мұнай байланысын анықтау мақсатында кешенді кәсіптік және геофизикалық
    зерттеулерді жүргізу үшін ұңғымаларды таңдау.
Петрофизика қызметі