Мұнай және газ өндіру бойынша ұңғы құрылысын жобалау қызметі

Ұңғы құрылысын жобалау қызметі

Қызмет әртүрлі мақсаттағы тіке, көлбеу және көлденең ұңғымалар құрылысының техникалық жобаларын дайындайды. Атап айтсақ: іздеу, барлау, пайдалану, сұйықтық айдау, бағалау, параметрлік және
т.б. Жобаланған ұнғымалардың тереңдігі 500 м-ден 6000 м аралығында.

Техникалық жоба құрамы:

  • кен орынның геологиялық сипаттамасын;
  • ұңғыманы бұрғылаудың техникасы мен технологиясын;
  • қоршаған ортаны қорғау шараларын қамтиды.

Ұңғыма құрылысы жобасының геологиялық бөлімінде геологиялық тіліктің стратиграфиялық ажыратылуы, бұрғылау барысында күтілетін тау жыныстарының литологиялық сипаттамасы мен физико – механикалық құрылымы, алаңның мұнайгаздылығы мен сулылығы, геологиялық кескіннің термобариялық жағдайы, бұрғылау барысында геологиялық кескіннің кедергі болу мүмкіндігі, жобалық зерттеу жұмыстары (керн, шлам алу, геофизиалық зерттеу, бұрғылау барысында және пайдалану құбырында сынау жұмыстарын жүргізу, т.б.) атқарылады.

Жобаның техника-технологиялық бөлімінде жобаланған ұңғыма конструкциясының есебі, бұрғылау және шегендеу құбырларының есептеулері, бұрғылау ерітіндісінің түрі мен параметірін таңдау және ұңғыма оқпанын бекіту есептеулері, гидравликалық есептеулер және де ұңғыма құрылысының мерзімін анықтау есебі
жүргізіледі.

Жобаның экологиялық бөлімінде ұңғыма құрылысы барысындағы қоршаған ортаға тигізілетін әсері жөнінде сұрақтар қарастырылады.

 

Мұнай және газ өндіру бойынша ұңғы құрылысын жобалау қызметі